Жазғы демалысты ұйымдастыруда "Жазғы демалыс- денсаулық пен көтеріңкі көңілдің кепілі" атты балаларды үшін арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, ата-аналар мектеп жанындағы толық және толық емес лагерлерді, клубтар мен үйірмелер, спорт секциялары мен пікірсайыстарды, қала маңындағы лагерлерді таңдай алады, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаздың әрбір күні жоспарланған. Лагерлерде әр апта тақырыпқа бөлінген. Мысалы, біріншісі балаларды қорғауға арналған. Апта күндері де белгілі бір бағытқа ие: дүйсенбіде зияткерлік іс-шаралар, сейсенбіде шығармашылық және т.б. Бұл балалар үшін демалыс уақытын мүмкіндігінше қызықты өткізуге мүмкіндік береді, делінген хабарлама.