Алмалы ауданында Абай – Масаншы көлелерінің қиылысындағы бұрынғы темір жол ауруханасының ғимаратын тарихи келбетін сақтай отырып қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың IV тоқсанында күтілуде, содан кейін заманауи Қалалық балаларды оңалту орталығы ашылады.
Сондай-ақ, әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жоба әзірлейді: ескі ғимаратты бұза отырып, ревматологиялық орталықтың орнында Әйтеке би көшесінде 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салу жобасы.
Екі нысанның құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарлануда.