Алматыда балаларды таң шаңғысына тегін үйрете бастады

686

Алматыда балаларды таң шаңғысына тегін үйрете бастады

Алматы қалалық әкімшілігінің қолдауымен "Спорттық Алматы" бағдарламасы жүзеге асты, деп хабарлайды 24kz.

Мақсат – бұқаралық спортты дамыту. Бағдарлама арқылы енді балалар тауда шаңғымен сырғанауды тегін үйренеді. Бұл үшін білікті бапкерлер күн сайын арнайы дәріс жүргізеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың тауға қатынау мәселесін де шешіп қойған. Балаларды арнайы көліктер күніне екі рет Шымбұлаққа апарып, әрі алып қайтады. Мұнда тіркелу де оңай. Баланың туу туралы куәлігі мен ата-ананың жазбаша рұқсаты болуы керек. Сондай-ақ оған бас-көз болатын ересек адам еріп жүруі шарт. Тағы бір ақпар, Шымбұлақ пен "Звездная поляна" орталықтарында тегін үйрету курсы үш айға созылса, Пионер базасында 4 айға дейін жалғасады.

"Бұл бағдарламаның басты мақсаты – бұқаралық спортты көтеру, қысқы спорт түрлерін дамыту, қаламызда керемет нәтиже көрсететін болашақ ұрпақты тәрбиелеу", – дейді "Спорттық Алматы" бағдарламасының жетекшісі Айдос Бағашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу