Алматыда балаларды ұрып-соққан бөбекжай тәрбиешісіне қатысты іс қозғалды

1227

Қалалық полиция департаменті желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. 

Алматыда балаларды ұрып-соққан бөбекжай тәрбиешісіне қатысты іс қозғалды

Желіде тәрбиеші бүлдіршіндерді қолмен, таяқпен ұрып, шаштарынан жұлып жатқан бейнежазба тарады. Кейін бұл Алматыдағы балабақшаларының бірінде орын алған жағдай екені анықталды. Осыған қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық істің материалдарын Жетісу аудандық полиция басқармасы қарайды. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеліп, ұстаздың әрекетіне құқықтық баға беріліп, оған сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады қалалық полиция департаменті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу