Биыл Алматыда балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының саны 50,2%-ға төмендеді. Жалпы жыл басынан бері мұндай 339 факт тіркелген. Алайда бұл жол көлік оқиғаларында 4 баланың өмірі қиылған.
"Жолда 377 бала жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 49,7%-ға төмендеген. Әйтседе бұл сандардың өзі ата-аналарды уайымдатуы тиіс. Сондықтан балаларды арнайы авто орындықтарға отырғызып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамын", - деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу