Алматыда балалардың коронавируспен сырқаттану деңгейі өсті

1012

Қаңтар айында дерттің жұғу қарқыны алдыңғы аптадан бері 40%-ға, ал жыл басынан бастап 18 есе артты.  

Алматыда балалардың коронавируспен сырқаттану деңгейі өсті

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал тәулігіне 1 900-2 300 жағдайға дейін тұрақталғанын айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Спикер коронавирус дертінің алдыңғы аптадағы 13 508 жағдайдан өткен аптада 14 213 жағдайға дейін өскенін атап өтті.

Басқаша айтқанда, коронавирус індетінің бесінші толқыны өткен аптада өсуін жалғастырды.

"Бірақ 27 қаңтардан бастап тұрақтану үрдісі тіркелді. Жалпы Алматы тұрғындарына жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Өйткені бір апта ішінде қайта вакцинацияланғандардың саны 42 мың адамға немесе 36%-ға артты. Бұл халықтың иммунитетін 56,8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ол дерттің тұрақтануына әсер етті", – деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, қаңтар айында дерттің өсуі алдыңғы аптадан бері 40%-ға, ал жыл басынан бастап 18 есе өсті.

Оның үстіне, 20-39 жас аралығындағы науқастар саны 40%-дан 35%-ға дейін төмендеді.

"Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың айтарлықтай өсуі тіркелді – 5,4%-ға (1 463-тен 1 920-ға дейін) және жасөспірімдер – 1%-ға (388-ден 589-ға дейін), сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар – 3%-ға (2 530-дан 3 262-ге дейін). Бір жасқа дейінгі балалар арасында, керісінше, 450-ден 438 жағдайға дейін, сәл төмендегені байқалады. Бірақ олардың үлесі барлық балалар арасында айтарлықтай – 22,8%", – деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу