Алматыда балалардың жазғы лагерьлері ашылмайтын болды

863

Қала балаларын жаппай спорт, мәдениет және мектептен тыс қосымша білім беру іс-шараларына тарту мақсатында "Жол картасы" әзірленуде.

Алматыда балалардың жазғы лагерьлері ашылмайтын болды

Алматыда ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. ҰБТ 8 өткізу пунктінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілмек. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың мектеп директорларымен кездесуінде айтылды.

ҰБТ-ға маусым айында 190 мемлекеттік және 49 жекеменшік мектеп қатысады. Қала бойынша 9047 түлек ҰБТ тапсырады.

Сондай-ақ кездесу барысында мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс мәселесі қалай болатыны туралы да қаралды. Коронавирус пандемиясы мен індетті әлі де жұқтыру қаупі сақталып отырғанын ескере отырып, жиын қорытындысында Алматы қаласының мектеп оқушылары үшін қала сыртынан да, мектеп жанынан да ешқандай лагерлерді ашпау жөнінде шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі мен ҚР-ның адам құқықтары бойынша өкілі Аружан Сайынмен бірлесіп қала балаларын жаппай спорт, мәдениет және мектептен тыс қосымша білім беру іс-шараларына тарту мақсатында "Жол картасы" әзірленуде.

1 маусымнан бастап Алматыда 1-сыныпқа баратын жеткіншектердің құжаттарын қабылдау басталады. Ал 15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияларға, лицейлерге құжат қабылдау басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу