Алматыда балаларға арналған әлеуметтік клуб ашылды

1070

Мұнда қарттар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың перзенттеріне сабақ өткізеді. 

Алматыда балаларға арналған әлеуметтік клуб ашылды

Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Аға буынның белсенді өкілдері – бұрынғы оқытушылар, музыканттар, әртістер тәрбие жұмысына атсалысуда. Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына "Айнабұлақ – 2" ықшамауданындағы "Шыңға Өрлеу" әлеуметтік клубында сабақ өткізеді",– деп жазды әкім. 

Шаһар басшысының айтуынша клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік  шаралары сақталады. Сонымен қатар тағыда осындай үш клуб ашылады. 

"Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады. Бұған қоса мұнда емдік дене шынықтыру сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған. Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз",– деп жазды қала әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу