Алматыда балаларға арналған оңалту кабинеті ашылады

Қазіргі таңда қалада  әртүрлі психикалық ауруларға шалдыққан  1823 бала,  503 жасөспірім динамикалық бақылауда тұр.

Алматыда балаларға арналған оңалту кабинеті ашылады Фото: baq.kz

Алматы қалалық   психикалық орталығында 10 сәуірде  балалардың танымдық және зияткерлік деңгейін  зерттеу , сөйлеу қабілетін, әлеуметтік дағдыларды дамыту, физикалық денсаулықты жақсарту, сенсомоторлы жүйені жетілдіру, балалардың эмоционалды жағдайын жақсартуға арналған құрал-жабдықтармен жасақталған оңалту кабинеті ашылады. Психолог, логопед, психолог жаттықтырушы сөйлеу дамуы тежелген, аутизм, ақыл-ой кемістігі анықталған және гипербелсенді балаларға психологиялық кедергілерді еңсеруге көмектеседі. 

Сонымен бірге 2023 жылдың  10 сәуір күні Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында "Аутизмге шалдыққан балаларды емдеудің ерекшеліктері" тақырыбын терең талқылайтын  конференция өтеді. Қазіргі таңда қалада  әртүрлі психикалық ауруларға шалдыққан  1823 бала,  503 жасөспірім динамикалық бақылауда тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу