"Мен бұл бағдарлама қай платформада жұмыс істесе де, шын жүректен қолдаймын. Биыл 16,2 млрд теңге бөлдік. Біз 75 мыңға жуық баланы қамтыдық. Кезекте әлі 32 мың адам қалды.
Мүмкіндігінше қабылдау жалғасады, мен бұл бағдарламаны жеке қолдаймын және қосымша қаражат бөлемін", – деді қала әкімі.
Бұл ретте ол жобаға көбірек қаржы бөлу екінші жартыжылдықта ұйымдардың қаншалықты жақсы қызмет көрсететініне байланысты екенін айтты.
"Босаған қаражатты басқаларға бағыттаймыз деп ойлаймын", – деп атап өтті әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу