Алматыда балаларға жиі қойылған есімдер аталды

1029

Биыл балаларға араб есімдерін қою жиілеген.  

Алматыда балаларға жиі қойылған есімдер аталды Фото: qazaly.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Әділет департаментінің өкілі Ләззат Сыдықова мегаполисте қыздар мен ұлдарға жиі қойылатын есімдерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау басшысының міндетін атқарушы Ләззат Сыдықованың айтуынша, биыл балаларға араб есімдерін қою жиілеген. Ата-аналар араб тілінен аударғанда мағынасы бар есімдерді таңдауға тырысады.

"2022 жылы танымал есімдер негізінен - Абай, Омар, Ислам, Марк, Мұхаммед, Әли, Алан, Хамза. Қыздарға Томирис, Елігай, Зере, Тоғжан, Амелия, Рамина есімдерін жиі қояды. Ал үшемдер арасында Қасым, Жомарт, Кемел атты есімдер де кездесіп жатады", - дейді Ләззат Сыдықова.

Айтуынша, әзірге АХАТ органдарына жақында өткен сайлау құрметіне өз балаларын Сайлау деп атауға өтініштер түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу