Алматыда баласын сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

921

Нәрестені саудаламақ болған ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл оқиға туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда баласын сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

"Алматыда полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты адамдардың жаңа туған сәбиін сатпақ болған фактісін анықтады. Ерлі-зайыпты – Өзбекстанның азаматтары. Олар нәрестені Жамбыл облысының тұрғынына өткізбек болған", –  дейді ол.

Өкінішке қарай соңғы үш күнде мұндай оқиғаның тағы бірі тіркелген. Екінші фактінің нақты қашан және қай жерде тіркелгені баспасөз мәслихатында айтылған жоқ.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу