Алматыда банк клиенттеріне шабуыл жасағандар ұсталды

1184

Алматыда банк клиенттеріне шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы полициясы банктердің біріндегі клиенттерге шабуыл жасағандарды ұстады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Тергеудің бұл кезеңінде қаскөйлердің жәбірленушілердің бірімен келісе отырып әрекет еткені анықталды. Қылмыс 31 қазан күні 13 сағат 30 минутта Тимирязев көшесінің бойындағы "Алатау Гранд" бизнес-орталығының маңында болды. ҚР ҚК 192-бабы, 4-бөлімінде көрсетілген қарақшылық шабуыл фактісі бойынша, Бостандық ауданы ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. "Жедел құрылған тергеу тобы аз уақытта шабуылшылардың аты-жөнін анықтады және ұстады. Тергеу шаралары барысында анықталғандай, қаскөйлер компания жұмысшыларының бірімен сыбайласқан. Қылмыскерлер ірі көлемдегі ақшаның қай жерде және қашан алынарын алдын ала білген. Алайда, олар көздеген мақсаттарына жеткен жоқ. Ұсталғандар - 1981 және 1987 жылы туған жергілікті тұрғындар. Олар тұтқындалды.  Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі жалғасуда", – деп хабарлады қалалық Криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу