Алматыда банктен 15 миллион ұрланды

752

Алматыда банктен 15 миллион ұрланды

Алматыда екі жігіт 23 мамыр күні Қазкоммерцбанк бөлімшесінен 15 миллионды қолды қылып, қашып үлгерген деп хабарлайды 24.kz.

Банктен 15 миллион  670 мың теңге алып, көлігіне бет алған фирманың бас бухгалтері мен оның әріптесі тонаушыларға тап болған. Еңгезердей екі азамат жігітті бір ұрып, келіншектің қолындағы сөмкені күштеп жұлып алған. Жағы сынған азаматты жедел жәрдем ауруханаға жеткізіп, оған шұғыл түрде ота жасауға тура келіпті.

Полиция қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғадан кейін банк қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыскерлерді ұстау үшін полициямен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу