Алматыда банктің мобильді қосымшасы арқылы жолақысын төлеуге болады

142

Бұл туралы "Алматы қаласы Көлік холдингі" хабарлады.  

Алматыда банктің мобильді қосымшасы арқылы жолақысын төлеуге болады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көлік жолақысын банктің мобильді қосымшасы арқылы төлеу қызметі қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматының қоғамдық көлігінде жолаушылар енді Kaspi мобильді қосымшасы арқылы автобустағы ONAY QR-ды сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы жолақысын төлей алады", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жолаушылар үшін ONAY! көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да бұрыннан қолданылған төлем әдістер қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу