Алматыда банктің тоналғаны туралы мәлімет расталды

646

 Алматыда банктің тоналғаны туралы мәлімет расталды

Алматы қаласы Ішкі Істер департаментінің өкілдері шаһардағы екінші деңгейлі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растады. Бірақ, істің мән-жайы айтылмады. Әзірге белгілісі, тонау дерегіне қатысты Қылмыстық кодексінің 191-ші бабы бойынша іс қозғалған.

Ұрылар ірі көлемдегі қаражатты алып кеткен.  Айта кетейік, "Арай" тұрғын үй кешенінде "Альфа банк" бөлімшесі орналасқан. Қаржы мекемесі осы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатқанына байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Қазіргі уақытта арнайы жедел топ құрылып, оған криминалдық полиция қызметкерлері мен аудандық Ішкі істер басқармасының ең мықты қызметкерлері енген. Ал тергеу барысын Алматы Ішкі істер департаментінің басшысы тікелей өз қарамағына алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу