Бүгін, 21 тамызда Алматыда "Байсат" базарындағы контейнерлер өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер барахолка маңындағы базарлардың бірінде контейнерлердің өртенуін анықтады.
"Жанындағы контейнерлерді сөндіру және салқындату үшін өрт саптамалары енгізілді. Нысанның өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, магистральдық желілер тартылды. Осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", делінген хабарламада.
Оқиға орнында жоғары температура мен қатты түтін жағдайында өрт сөндірудің екі бөлімі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілер базардағы өртті 25 минутта ауыздықтады. 14:50-де олар толығымен жойылды.