Ведомство мәліметінше, 17 ақпанда сағат 10:40-та Алматыда Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында өрт шыққан.
Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі өртенген. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.Сағат 11:31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) эвакуацияланды. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түсті.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеп жатыр.