Алматы қаласы ТЖД-ге Алатау ауданы, Северное кольцо 36 көшесіндегі Кенжеxан базарынан өрт шыққаны туралы ақпарат 21 қыркүйек күні сағат 23:53-те келіп түскен, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Өрт сөндірушілер келген уақытта 15 шаршы метрдегі ұялы телефон жабдықтарының бір қабатты павильоны өртеніп жатқан. Жақын орналасқан контейнерлерге өрт жайылып кету қаупі төніп тұрды. Адамдардың бар немесе жоқтығы тексерілді", - деді ТЖД-да.
Базардағы өрт 10 минутта ауыздықталды.
"Қабылданған шараларға сәйкес, жалынның жақын орналасқан бутиктерге таралуының алды алынды. Өрт 00:09-да ауыздықталып, 00:22-де сөндірілді", - деп атап өтті ведомствода.