"Алтын Орда" базарына қарама-қарсы орналасқан "Барлық" базарында өрт шықты, деп жазады Inbusiness.kz.
Алматы ТЖ департаменті хабарлауынша, бос тұрған фаст-фуд дүңгіршектері өртенген.
"Өрт аумағы 40 шаршы метрге таралды. Сағат 14:55-те өрт сөндірілді. Өрт 7 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", — деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
"Барлық" базары Райымбек даңғылындағы "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу