Алматыда бас ботаникалық бақ жабылды

520

Ауа райының қолайсыздығы мен дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды.  

Алматыда бас ботаникалық бақ жабылды Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр, деп жазады inbusiness.kz ботаникалық бақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазартып, ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Мұндай шешім баққа келуші қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу