Алматыда бас маманның делдалдығымен пара алған шенеунік ұсталды – агенттік

835

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды inbusinnes.kz порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда бас маманның делдалдығымен пара алған шенеунік ұсталды – агенттік

Тергеу нұсқасына сай, департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінген.

"Аталған адамдар пара алу және беру, сондай-ақ осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу