Алматыда басқару құрылымы өзгерді

83

Алматы қалалық мәслихаты мегаполисті басқарудың жаңартылған құрылымын бекітті.  

Алматыда басқару құрылымы өзгерді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Кеңес отырысына қала әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мегаполис билігінің мәліметінше, 7 шілдеде Алматы мәслихатының XXXII кезектен тыс сессиясы өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысқан жиналыста басқару жүйесінің жаңартылған құрылымы бекітілді.

Әкімдік "қабылданған шешімдер әкімшілік құрылымның тиімділігін арттыруға бағытталған" деп сипаттады. Атап айтқанда, бірқатар басқарма бірігіп, жаңаша аталған. Сонымен бірге жол-көлік саласы қайта ұйымдастырылған.

"Енді қалалық мобильділік басқармасы қозғалысты ұйымдастыру және инфрақұрылымды дамыту басқармалары болып 2 дербес органға бөлінеді", – деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Бұған қоса, жалпы су пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді. Жаңа тәртіп тұрғындарға су айдындарында демалуды, балық аулауды жеңілдетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу