Бостандық ауданы "Алатау" шағынауданындағы Наурыз көшесі енді Батырхан Шүкеновтің есімімен аталатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы шешім 16 тамызда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды.
Алатау және Бостандық аудандарында 164 көшенің атауы ауыстырылады. Еркеғали Рахмадиев, Батырхан Шүкенов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова мен Дәнеш Рақышев, Николай Пальгов, Владимир Кацев, Ораз Әбішев, Балжан Бөлтірікова сынды тұлғалардың есімі берілмек.
Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы мамыр айында Алматыда 164 көшенің атын өзгертуді ұсынған еді. Өзгерістер қаланың Бостандық және Алатау аудандарына да қатысты. Бұл бастамаға қалада көше атауларының қайталануы себеп болған.