"Бізде гүл мен гүлшоқтарын қою рәсімдері, естелік іс-шаралар, ардагерлерге арналған мерекелік концерттер өткізіледі. "Мәңгілік полк" туралы айтатын болсақ, соған ұқсас Беларуссияда "Беларусьтың есінде", ал Украинада "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" деп аталатын акциялар бар. Бізде оны "Батырларға тағзым" деп атайды", – деді спикер.
Бүкіл ел бойынша бұл акцияның Алматыда ғана офлайн форматта өткенін атап өткен жөн. Соңғы рет бұл акция офлайн форматта 2019 жылы ұйымдастырылған. Ал 2020, 2021 жылы пандемияға байланысты онлайн форматқа ауыстырылды.
Фото: orda.kz