Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлады.
"2023 жылғы 23 маусым сағат 22:00-ден 26 маусым сағат 7:00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Батыс Желтоқсан көшесі бойынша Ганди көшесінен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесі, 191 үйге дейін екі бағытта көлік қозғалысы шектеледі.
Уақыт шектеулері аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құрылымдаумен байланысты.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу