18 сәуір кешкі сағат 19:10 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Қайрат шағынауданы, Құлжа тасжолы 181 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Белгілі болғанындай Жетісу базарында контейнерлер өртенді. Қарбалас уақыттағы көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына дер кезінде 19:19 да жетті. Өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін қорғауға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақыланды" , - деп хабарлады ведомстводан.
Өрт сөндірушілер 20:01 минутта 120 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды сөндірді. Осылайша, өрттен мың шаршы метр жерді қамтитын көршілес материалдық құндылықтарымен толы контейнерлер өрттен аман алып қалды.