Алматыда базардағы ірі өрт сөндірілді

138

Өртті сөндіру барысында өрттен 2 газ баллоны шығылды. 

Алматыда базардағы ірі өрт сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Бүгін түнде Алматы қаласы Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағын ауданында, сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, от металл контейнеріне ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 ш.м. алаңда жедел түрде сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында өрттен 2 газ баллоны шығылды. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу