Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп жазады inbusiness.kz Halyq uni-не сілтеме жасап.
Үкім өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, – делінген соттың шешімінде.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 36 жастағы Нұржан Тұрсынбаев барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу