Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Аталмыш факті бойынша "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Полиция марқұмға қатысты "өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бақыт Ибрагим Bank RBK қаражатын "алаяқтық жолмен жымқырды" деген күдікке ілініп, 2018 жылдың маусымында Германиядан экстрадицияланған болатын.
Айыпталған акционерді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін де тәркілеген.
2020 жылы қарашада сотталған Бақыт Ибрагимнің жазасы 7 жылға қысқарған.
Түрмеден босап шыққанына бірнеше ай болған акционер өлі күйінде табылды.
Айта кетейік, басылымдар Бақыт Ибрагимді Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы деп жазуда.