Polisia.kz мәліметінше, оқиға 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында орын алған. Белгісіз біреу Алмалы ауданында 42 жастағы әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған. Жәбірленуші 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды.
Күдіктінің аты-жөні анықталып, полиция оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбай отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу