Алматыда белгісіз әйел өзінің балаларын суға батырмақ болған

775

Олар құтқарылды. Алайда бұл оның мұндай бірінші әрекеті емес, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда белгісіз әйел өзінің балаларын суға батырмақ болған

Аталған жағдай туралы Facebook желісінде қоғам белсендісі Ақмарал Басирова мәлім етті.

Оның сөзінше, оқиға Алматыдағы Сайран су қоймасында болған. 

Балалардың ең кішісі 1,5 жаста. Оқиға куәгерлері бүлдіршіндерді өлімнен аман алып қалды. Ақмарал Басированың мәліметінше, бұл Алматы тұрғынының кісі өлтіруге оқталған алғашқы әрекеті емес.

Осы ретте қоғам белсенділері қатыгез анаға қатысты іс қозғап, оны мәжбүрлеп емдеуге жіберуді талап етуде.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл деректі қазір Әуезов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу