Алматыда белгісіз біреулер тұрғындарға өткір иісті баллон шашқан

136

Оқиғаның видеосы egov.press Telegram-арнасында жарияланды.

Алматыда белгісіз біреулер тұрғындарға өткір иісті баллон шашқан

Алматыда халық көп жиналатын Арбат саябағында белгісіз біреулер адамдарға көз ашытатын өткір иісті баллон шашқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның видеосы egov.press Telegram-арнасында жарияланды.

Бейнержазбадан адамдардың беттерін тұмшалап жабуға тырысып жатқанын көруге болады.

Қалалық Полиция департаменті аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.

"Қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу