Алматыда белгісіз ер адам пәтер есігіне өрт қойды

Бұл туралы видеолар әлеуметтік желілерге кеңінен тараған.   

Алматыда белгісіз ер адам пәтер есігіне өрт қойды Фото: Видеодан скриншот

Пәтер иесі бұл іс-әрекеттің қасақана жасалғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алатау ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз адам есікке жанғыш сұйықтық құйып, оны өртеген. Оның мұндай лас әрекеті видеоға жазылып қалған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Бұған дейін Алматыда баланы аяусыз тепкен ер адамның қамалғанын жазған едік. Ол оқиға да Алатау ауданында тіркелді. Ер адамның баланы тепкен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан оның балалар ойнайтын алаңға жүгіріп барып, бар күшімен баланы тепкенін байқау қиын емес.

Алматы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу