Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында он күнге жететін ғана жанармай қоры қалды. Ал кейбір ұсақ бекеттерде 2-3 күннің бензині ғана қалған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев мәлімдеді.
Алайда қала басшылығы мәселені жақын күндері шешеміз деп сендіріп отыр. Қазір "Гелиос", "Синойл" және "Қазмұнайгаз" желілерінде бар-жоғы 15 мың тонна бензин бар екен. Жақын уақытта Энергетика Министрлігі тарапынан қолдау көрсетіліп, қосымша отын қоры жеткізілетіні белгілі болды. Сонымен қатар, әкімдік, бекеттер қоймаларда сақтап отырған бензинді саудаға шығару мақсатында апта бойы рейдттік шаралар өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазір алматылық жағармай бекеттерінде ең өтімті Аи-92 маркалі бензин тапшылығы сезілуде.