Алматыда бес адамды өлтірген Дужнов өмір бойына сотталуы мүмкін

818

Прокурор осындай жаза кесуді сұрады.  

Алматыда бес адамды өлтірген Дужнов өмір бойына сотталуы мүмкін Фото: zakon.kz

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сот отырысы барысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Еске сала кетсек, 2021 жылы 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі – 1967 жылы туған азамат оқ атты. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу