Алматыда "Бес қару" әскери-патриоттық ойындары өтті

135

М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының базасында "Бес қару" әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда "Бес қару" әскери-патриоттық ойындары өтті  Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Ойындар жас патриоттарды біріктіріп, олардың жоғары дайындық деңгейін, төзімділігін және командалық рухын көрсетті. Жарыс бағдарламасы қатысушылардан шоғырлануды, шапшаңдықты және нақты үйлесімділікті талап ететін бірнеше кезеңді қамтыды:

• қаруды шашып-жинау;

• жалпыәскери қорғаныс жиынтығын (ЖҚЖ) кию;

• оқ-дәрі жәшіктерін тасу.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды "Барыс" командасы иеленді. Екінші орынға "Арлан" командасы, ал үшінші орынға "Тұмар" командасы ие болды. Жеңімпаздарға кубоктар, бағалы сыйлықтар және грамоталар табысталды.

"Бес қару" әскери-патриоттық ойындары жастарды дамытуға ерекше үлес қосты. Бұл шара патриотизмді нығайтып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, Алматыда 100-ден астам жастарға арналған демалыс орталықтары жұмыс істейді. Онда 14 пен 29 жас аралығындағы 12 мыңнан астам жасөспірім пайдалы әрі қызықты уақыт өткізу мүмкіндігіне ие. Бұл орталықтардың базасында 260-тан астам тегін үйірме жұмыс істеп, жастардың таланттарын ашуға және жаңа дағдыларды игеруіне ықпал етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу