Наурыз мейрамы және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Алматыда ақынның шығармалары ең ауқымды хормен орындалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Абай даңғылы бойында Абай атындағы алаңнан бастап Назарбаев даңғылына дейін 5000-нан астам адам жиналды.
Олардың қатарында танымал солистер, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары болды.
Хор ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" және "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармаларын қосылып шырқады.