12 қыркүйекте Алматыда бетперде киген 3 ер адам кәсіпкерді қорқытып, жалпы құны 500 млн теңгеге тең мүлкі мен ақшасын тонап кеткен. Полиция күдіктілерді ұстап, қамауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"12 қыркүйек күні кешке бетперде киген үш ер адам Медеу ауданындағы үйге ұрлана кірген. Үй иесін мылтықпен қорқытып, тонап кеткен. Залалдың жалпы көлемі – 500 млн теңге. Тонаған соң үйдегі адамдарды байлап, қашып кеткен", – деп хабарлады полиция.
Анықталғандай, күдікті ретінде Алматының 2 тұрғыны және Алматы облысының бір тұрғыны ұсталған.
Полиция оларды қамауға алып, тергеу жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу