Алматыда биік үйдің терезесінде билеп тұрған бойжеткен құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға 26 маусым күні таңғы уақытта Теремке тұрғын үй кешенінде болған. Желіде тараған видеодан қыздың көпқабатты үйдің терезесінен шығып, ерсі қимылдар жасағанын байқауға болады. Оны көрген адамдар оған “құлап қаласың” деп ескерту жасайды.
Полиция оның жоғарғы қабаттан құлап мерт болғанын хабарлады. Өз-өзіне құл жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу