Алматыда білім беру саласына қосымша 4 млрд теңге бөлінеді

267

Қаражаттың бір бөлігі білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды аяқтауға бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда білім беру саласына қосымша 4 млрд теңге бөлінеді Фото: Алматы мәслихаты

Алматыда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында 8,3 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру бөлінеді. Осы соманың 4 млрд теңгесі білім беру саласын дамытуға арналған.

Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, 

Атап айтқанда, Си Синхай көшесіндегі балабақшаны сейсмикалық күшейту және Бостандық ауданының Орбита-3 шағын ауданындағы балабақшаны жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Осы нысандардың құрылысын аяқтау үшін 2025 жылдың шілдесіне қосымша 1 млрд теңге бөлінеді. 

"Құрылыс және реконструкциялау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге қаражат бөлу жоспарда тұр. Алатау және Наурызбай аудандарындағы 3 балабақша; Алатау, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 5 мектеп; Алатау ауданының Саялы шағын ауданында 1 даму және шығармашылық орталығы бар. Сондай-ақ, 26 мектепті пәндік стендтермен және парталармен жарақтандыру көзделген. Осылайша, қосымша қаражат оқу жағдайларын жақсартуға және қаладағы білім беру сапасын арттыруға бағытталатын болады", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу