Алматыда білім беру саласындағы жаңа технологиялар талқыланып жатыр

663

Оңтүстік астанада EdCrunch Reload 2022 халықаралық конференциясы өтіп жатыр.  

Алматыда білім беру саласындағы жаңа технологиялар талқыланып жатыр Фото: inform.kz

Алматыда білім беру саласындағы жаңа технологиялар талқыланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz конференция сайтына сілтеме жасап.

Ауқымда шараға 25 елден 350 сарапшы қатысуда. Конференция спикерлерінің арасында Лондон университетінің неврология профессоры, әлемдегі тұңғыш нейродизайн студиясы - Lab of Misfits негізін қалаушы Бо Лотто, Minerva Project-тың негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры Бен Нельсон, General Assembly оқыту және инновациялар жөніндегі вице-президенті Дэвид Поркаро және көптеген басқа да халықаралық сарапшы бар.

EdTech саласындағы жетекші сарапшылар гибридті білім беру, мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектісін дамыту, цифрлық трансформацияға бейімделу, Big Data мүмкіндіктері, білім беру кеңістігін жобалау, жоғары білім берудегі инновациялар, инклюзивті білім беру және т.б. мәселе талқыламақ.

Шара аясында тақырыптық сессиялар, пікірталас, шеберлік-сағаттары өтеді деп жоспарланған.

Конференция 24 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу