Алматыда білім беру ұйымдарының қанша қызметкері вакцина салдырды

733

Алматыда білім беру ұйымдарының 34 мыңнан аса қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда білім беру ұйымдарының қанша қызметкері вакцина салдырды

Оның айтуынша, алматылық мұғалімдердің 100% екпе алған.

"Қалада білім беру ұйымдарының 34 мыңнан астам қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе алды. Пандемия білім беру жүйесін онлайнға көшуге ықпал етті. Алайда оқушылардың дәстүрлі форматта білім алуы маңызды. Сондықтан қыркүйекте офлайн режимде жұмыс істеу үшін барлық мұғалім мен басқа да қызметкер вакцина алды", - деді Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу