2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында "бакалавр" дәрежесі бойынша қосымша 190 білім беру грантын тағайындауға арналған байқауға қатысу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет. Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады",– делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Айта кетсек, гранттарды ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.
ЖОО-ның және мамандықтардың тізімін almaty.gov.kz сілтемесін басу арқылы өтіп, көруге болады.