Оларды ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.
"Қазіргі уақытта криминалдық полиция бөлімі бұрын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған екі жасөспірімді тапты. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Осы уақыт ішінде олардың қайда болғаны анықталуда. Бір нұсқа бойынша, олар компьютерлік клубтарда ойнын ойнап жүрген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.
Еске сала кетсек, N63 мектептің 14 жастағы екі оқушысы 7 ақпанда мектептен шыққан соң жоғалып кеткен болатын. Ата-аналар мен еріктілер жасөспірімдерді бір апта бойы іздеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу