Алматыда бір ауданның тұрғындары балтырынан батпақ кешіп жүр
23 Ақпан 2021 22:59 511

Көлік түгілі көшеде адам аяқ алып жүре алмайды. Мәселе, өткен жылы күзде басталған. Тұрғындардың сөзінше, су мен кәріз құбырын жүргіземіз деп қазып, орнына сары топырақ төгіп кеткен. Соның кесірінен кілегейше езілген балшықтың зардабын халық тартып отыр. Әкімдік не дейді?