Алматыда бір кеште үш жер сілкінісі тіркелді

576

Үш жер сілкінісінің ошақтары Алматы қаласынан 470, 525, және 290 шақырымдағы жерде орналасқан. 

Алматыда бір кеште үш жер сілкінісі тіркелді Фото: 24.kz

ҚР ТЖМ-ға қарасты сейсмикалық станциялар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 20 сағат 32 минут 39 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 470 шақырымда Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8. MPV магнитудасы - 4.8. Тереңдігі - 5 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

19 сағат 34 минут 29 секундта зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 525 шақырымда Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4.3. Тереңдігі - 10 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

18 сағат 30 минут 35 секундта зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 290 шақырымда Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4.1. Тереңдігі - 10 км. МЗК-64 шкаласы бойынша сезілу белгілері туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу