Алматыда бір күнде 6 нысан карантин талаптарын бұзған

543

17 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтар карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында 27 нысанды тексеріп шықты. 

Алматыда бір күнде 6 нысан карантин талаптарын бұзған

Нәтижесінде оны алтауы талапқа сай жұмыс істемегені анықталды. Қазіргі уақытта қала бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Мәселен, Алмалы ауданының мониторингтік топтары Сейфуллин даңғылында орналасқан "Мега Парк" сауда ойын сауық орталығындағы корей мейрамханасының жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Қоғамдық тамақтану орны  22.00-ден кейін де жұмыс істеген. 

Ал Бостандық ауданында төрт нысан талапқа сай жұмыс істемеген. 

Медеу ауданында да дәл солай Достық даңғылында орналасқан "Venezia" мейрамханасы сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бекітілген талаптарды 
 бұзған.  

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданылады.

Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық-эпидемиялық талаптар: белгіленген жұмыс режиімін, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимін сақтау, қызметкерлерді қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялық құралдарды (тоннельдер, кілемшелер және т.б.) орнату талаптарының толықтай сақталуын қамтамасыз ету қажет.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу