Алматыда бір отбасының 3 баласы із-түссіз жоғалып кетті

615

Балалар бір тәуліктен бері табылмай жатыр.

Алматыда бір отбасының 3 баласы із-түссіз жоғалып кетті Фото: sn.kz

Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, жасөспірімдер 25 қазан 10:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

"Алматылықтар, дабыл! Бір үйдің 3 баласы жоғалды. Арман, Иманғали, Ақеркені көрген-білгендер болса полицияға хабарласыңыздар. 25 қазан таңғы 10-дар шамасында үйден шығып кеткен. Үйлері негізі Талғар жақтағы Бесағашта. Соңғы рет Думан ықшам ауданындағы дүкеннен пирожки алған екен. Содан бері ешкім көрмеген. Ақеркенің үстінде қызғылт куртка, екі ұл қара қуртка киген. Телефондары жоқ. Әкесінің нөмірі: 8 (701) 413-49-70", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу