Алматыда бір пәтерге 44 адам тіркелген

154

Алматыда көші-қон қызметінің қызметкерлері бір мекенжайға азаматтарды жаппай тіркеу фактілерін анықтады.    

Алматыда бір пәтерге 44 адам тіркелген Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде қаланың екі ауданындағы екі тұрғын үйде осындай жағдай тіркелді, деп inbusiness.kz жазады  сайты. 

Бір пәтерде 44 адам, екіншісінде 16 адам тіркелгенімен, олардың бұл мекенжайда нақты тұрмайтыны белгілі болды.

Әрбір дерек бойынша тексеру жүргізіліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін жолданады.

Полиция мәліметінше, мұндай "резеңке пәтерлер" қоғамдық және көші-қон қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Олар заңсыз болуды заңдастыру, нақты тұрғылықты жерді жасыру және өзге де құқық бұзушылықтарға жағдай жасау мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, жалған тіркеу –  формальдылық емес, қауіпсіздік мәселесі.

– Жалған тіркеу бақылаудан жалтару құралына айналып, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Қауіпсіздік ашықтықтан басталады. Үйде нақты кімнің тұрып жатқанын білу – құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетігі, – деді ол

Мұндай тексерулер қаланың барлық ауданында жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу